КАЗАХСТАНСКИЙ ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ
geo.kz
 

11.03.08

Сергей УТКИН. Еще один прокол Имангали Тасмагамбетова

Версия для печати

Мне довелось на днях участвовать в одном интересном судебном процессе. Обжаловалось постановление акимата города Алматы об изъятии земельного участка для госнужд. В соответствии с постановлением правительства от 24.04.2001 г. № 546, акимат принимает постановления на заседании – большинством голосов присутствующих членов. На заседании должен вестись протокол, а также (как правило) – стенограмма и запись на электронные носители информации.

 

Так вот, акимат не смог предоставить ни стенограмму, ни аудиозапись, ни даже протокол заседания. Суд категорически отказался вызвать членов акимата для допроса. Всё подтверждало, что никакого заседания акимата в тот день не было вовсе, а постановление вместо коллегиального органа принял аким единолично.

 

Забавной оказалась причина, по которой аким отнимал у жителей города земельный участок. На их земле аким решил построить другой многоквартирный жилой дом. Якобы во исполнение генплана Алматы, утвержденного правительством. Представитель акимата даже продемонстрировала выкопировку из генплана, где были изображены какие-то дома. Я спросил – неужели правительство, утверждая генплан Алматы в 2002 году (еще до строительного бума), уже заведомо точно распланировало каждый городской квартал вплоть до отдельного дома, а акимату осталось лишь обеспечить их строительство? Ответ был утвердительным! Однако впоследствии выяснилось, что правительством утверждена схема, на которой, естественно, нет никаких домов, а так называемые выкопировки из генплана – всего лишь плод фантазий городской архитектуры. Поэтому магическое слово “генплан” было лишь прикрытием для собственных решений акима.

 

Затем начали разбираться с актами маслихата, утвердившего схему зонирования города, согласно которой на изымаемом земельном участке должны располагаться жилые дома высотой от 4-х до 16-ти этажей. Я вновь задал вопрос представителю акимата – означает ли это, что все здания ниже 4-х этажей должны быть обязательно снесены, и акимат как примерный солдат должен лишь исполнить решение маслихата? То есть, обязан ли был акимат принять решение об изъятии земельного участка для сноса и нового строительства, либо это было всего лишь его собственным желанием? Ответ вновь был положительным – якобы акимат должен был принять решение о сносе! Однако фактически маслихат лишь установил требования к объектам, которые могли располагаться при будущем строительстве на той или иной территории города, но ни в коем случае не обязывал акимат, например, сносить все здания ниже 4-х этажей или забирать участки у одних частных собственников для передачи другим.

 

Наконец, добрались до городской земельной комиссии. Этот коллегиальный орган лишь рассмотрел заявление одной частной ТОО-шки, попросившей для себя у акимата принадлежавший другим собственникам земельный участок. Земельная комиссия согласилась, что на этом участке можно строить многоквартирный жилой дом. Правда, никакого проекта дома на тот момент еще, конечно, не существовало и в помине. Компания даже сама толком не представляла – как и какой дом она будет строить, но прежних собственников аким уже попросил убраться! Кстати, именно по этой схеме расплодились многочисленные компании-транжиры и мошенники, обобравшие дольщиков и не собирающиеся исполнять свои обязательства. Поражает, что вся суета вокруг сноса и изъятия участка у граждан началась только потому, что появилось это злосчастное заявление какого-то ТОО, нагло претендующего на чужую собственность. Получалось, что если бы не было заявления ТОО – никакой “госнужды” не возникло бы вовсе!

 

И вот на основании вышеуказанного аким Тасмагамбетов принял решение об изъятии земельного участка у его собственников якобы для государственных нужд. Фактически же он единолично решил забрать у людей землю в самый пик строительного бума для передачи без какого-либо конкурса частной коммерческой организации, чтобы та получила запланированную прибыль от строительства и реализации элитных квартир. Аким даже заключил с этой компанией договор, принял на себя определенные обязательства. Также с застройщиком заключило договор государственное предприятие “Алматыжер”, по которому, в свою очередь, должно было получить долю от стоимости изымаемого земельного участка.

 

Выходило, что аким, “Алматыжер” и застройщик должны были получить какой-то доход за счет прежних собственников земельного участка. Тогда я заявил, что прежде чем принудительно забирать участок у людей, нужно было хотя бы им сообщить о необходимости строительства на их земле нового многоквартирного жилого дома. Дать срок, так сказать, “для устранения”. Граждане бы сами нашли застройщика и договорились бы о строительстве на выгодных для себя условиях. Однако, поскольку аким и созданное им предприятие “Алматыжер” в этом случае оставались бы в стороне – такой вариант даже не рассматривался. Представитель акима лишь посетовала, что жильцы сами виноваты: не подали заявление в акимат, вот им и не предоставили их же собственную землю под новое строительство. А если бы обратились, то получили бы “как все” – на общих основаниях. Я, конечно, представил себе эти “общие основания”. Руководители строительных компаний в кулуарах рассказывают о них с содроганием голоса.

 

В итоге в суде было наглядно доказано, что с 2004 по 2007 годы множество земельных участков были принудительно изъяты у граждан для того, чтобы передать их частным коммерческим организациям, преследующим единственную цель: извлечение прибыли. Аким Тасмагамбетов фактически единолично обосновал эту “острую необходимость” государственной нуждой, прикрываясь исполнением генплана! Правда, на сегодняшний день, когда недвижимость потеряла свою инвестиционную (и коррупционную) привлекательность, оказалось, что “исполнять генплан” уже практически не требуется! Поэтому акиму, за которым закрепилась характеристика крепкого государственника, видимо, пора на следующий ответственный участок работы – на руководящую должность республиканского масштаба. Тысячи алмаатинцев с нетерпением ждут этого повышения…

 

 

http://www.zonakz.net/articles/21288

Комментарии

001
12.03.08
в какой нормальной стране возможен такой открытый грабеж на государственном уровне? Народ, хватит прятаться по углам - пора уже в открытую заявить о своих гражданских правах. У американцев есть поговорка: "Если белый обманул индейца один раз - виноват белый; если белый обманул индейца дважды - виноват индеец". Нас обманывают уже 17 лет.
Гость
002
12.03.08
Лучше бы копию решения суда выложил,или ещё какие документы.А то пока это просто слова.
Гость
003
07.04.08
Ну нравятся мне слова Путина: "Мочить в сортире!"
Гость
004
08.04.08
Да без бумаг или номеров протоколов и от какого числа. А то просто голословно получается!!
Гость
005
08.04.08
Чего стоит выкрики Тасмагамбетова: "ИХ (КАЗАХОВ) НАДО ЖЕЧЬ КАЛЕНЫМ ЖЕЛЕЗОМ!"
006
08.04.08
ЖАУ ШАПТЫ!

Фашистік Германия осыдан тура 65 жыл бұрын 22-ші маусым күні таңғы сағат 4-те Кеңестер Одағына тұтқиылдан шабуыл жасап еді. Негізі, неміс басқыншыларымен салыстырмасын дегені шығар, Алматы қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың жұмсаған 2000-нан астам қарулы баскесерлері Бақай ауылындағы бейбіт тұрғындарға қанқұйлы шабуылын 7-шілде күні таңғы сағат 6-дан тура 25 минут кеткенде бастады.
Құдайға қараған біреу болса керек, шілденің 6-сы күні полиция қызметкерінің сыбыры бойынша, Бақай ауылын соттың приставтары мен құқық қорғау органдарының бас ал десе, шаш алатын 2000 жендеттері таңғы сағат 4-те он шақты тракторларымен келіп жермен-жексен етпекші екен. Осы суыт хабарды ести сала, суға кеткен тал қармайды дегендей, Ел басы Нұрсұлтан Әбішұлына 617-ші нөмірлі факс және электроника арқылы туған күнімен құттықтау хатымызды жібердік. Бақай ауылындағы белсенділердің ұрықсатымен құттықтауымызды былайша жаздық: «Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, сізді туған күніңізбен құттықтаймыз! Естуімізше, бүгін біздердің баспаналарымызды қиратпақшы. Құтқарыңыз! Исмағұлова Венера, Мақашева Айгүл, Орымбетова Әлиман және барша Бақайлықтар. 06.07.06 жыл». Факс бюро №9, Қазтелеком, Алматы қаласы.
Шілденің 7-сі күні таң бозара бастағанда, шамасы төрттің кезінде, Майлин көшесімен Бақай ықшам ауданына апаратын қиылыс жолға жақындай бере, бірнеше арнайы автокөліктерімен тұрған МАИ-дің қызметкерлерін көріп жүрегім дір ете қалды. «Басталды!» деген үрейлі ой санамды тіліп өтті. Бақайға апаратын асфальт жолды әлгі патшағарлар бөгеп тастаған екен, екі қабат үйлердің арасына мініп келген автокөліктерімізді тастай сала Әріпов Бағдат екеуміз сайдың табанындағы сүрлеумен жоғары көтерілсек, құдай салмасын, өріп кеткен жұрт, ауылдың төрт бұрышынан резеңке дөңгелектерді жағып, қап-қара түтіндерін аспанға шұбатып, іліп қойыпты. Ертеде, қалмақ-жоңғар шапқыншылығында, жаудың шабуға келе жатқанын хабарлау үшін, ата-бабаларымыз әр төбеге от жағып, түтінмен белгі береді екен. Енді міне, ХХІ-ші ғасырда сол жаугершілік заман қайталанып, сорлы, момын, қаймана қазақтың басына қара бұлтын – ажал бұлтын үйіріп, бір үзім нан үшін қайыршылап, даладан қалаға ағылған қараң алаштың қаққанда қанын, соққанда жанын мұрнынан шығарып, етін итке талатып, сүйегін өртеп тыңайтқыш етпекші. Жақын арада, ол тыңайтқышты, жерімізді бір оқ шығармай иемденіп алған қытайларға сатпақшы опасыз билік.
Иә, солай, қазақтың құл боларлық та құны қалмады. Құны болса да – сұраусыз! Мұрнына қыл арқанды өткіз де, қалаған жағыңа айдай бер...
Қазақтың көп болса 10-15-ақ жыл ғұмыры қалды. «Тіл! Тіл!» деп, сайрап жүрген «Тағдырлар», «Дабылдар», аты бар да заты жоқ «Халықсыз майдандарға» айтарым – ертең-ақ, жеріңнен айрылғанда, сенің тілің кімге керек?! Ертең де емес-ау, тап осы қазір жеріңнен сымпиып отырсың емес пе, сор маңдай, бейшара қазақ?
«Мұнайы да құрысын! Алтыны да құрысын! Ұрласа, ұрлай берсін! Керегі, тек қана 6-ақ сотық жер!» - деп зарланасың бейшара. Аузың неге ғана қисайып кетпейді, үнің өшкір, жасық неме! Көп болса, 50 жыл, мұнайыңнан да, алтыныңнан да, тіпті басқасын айтпағанда тас көміріңнен де ада болайын деп тұрған жоқсың ба, соны неге ана қалғып қалған сұйық миыңа салып екшемейсің?! Өзіңді ойламай-ақ қой, иә, саған керегі – 6-ақ сотық бақасы бақылдаған ми батпақ болсын делік. Сонда сен балаңды ойладың ба, немереңді ойладың ба, күні ертең шөберең не күн көреді? Кімнің, қай шүршіттің босағасында төбеттің орнына шынжырланып, қай келімсекке табынып, табанын жаламақшы. Экономикамыз қарыштап барады деп бөсесің кеп, бір жұтым қара сорпа мен
Гость
007
08.04.08
бір үзім қара нанға қолың жетпей, кебектен быламық көже жасап, соныңды да дұрыс қорыта алмай отырып.
Үлде мен бүлдеге оранған ел тонаушылар анау – мұрындарынан есек құрты түсіп, үріп шайқап ішіп, ұрттап төгіп отыр. Ішкені ірің, жегені желім ел мынау – отқа қарап, суға сүрініп отыр. Биліктің ішінде ит өліп жатыр, ішіне шынашақ айналмайды, сол баяғы жымысқы іс-әрекет – халықты миғұла етіп, ақыл-ойын уландырып, онысы аздай мазақ етіп отыр. Тіпті бар ғой, халықты, әсіресе қазақ халқын шопақ құрлы көрмей, ойына не келеді соны істеп, шығаннан шыққандары осы шығар, үш ұйықтасаң түске кірмейтін сұмдыққа барып, Тасмағамбетовтың 2000-нан астам қарулы ОПОН-ры мен спецназдары, іштерінде әр ауданнан жинаған полицайлары жүр, 500-ге тарта үйлері бар Бақай ауылын таңғы сағат 6-дан 25 минут кеткенде айнала қоршап алып, бейбіт халыққа шабуылдарын бастап кетті. Бақайлықтар да кеуделерінде жаны бар, екі аяқты адам баласы емес пе, ауылды айнала ор қазып, өздері ауылға кіре беріс жолдарды бекітіп, алдарына резина дөңгелектерден баррикада жасап, ұзыннан істелінген ағаш отырғыштарға қаз-қатар отырып алыпты. Полицайлар олардың шептерін бұза-жара өтіп, емпеңдеп, үйлерге қарай ұмтылғанда, жастың аты жас емес пе, жас балалар қызбалыққа салынып, жерде тізулі тұрған бос бөтелкелерді полиция қызметкерлеріне лақтыра бастады.
Қым-қуыт енді басталды. Әлгі бос шыныларды лақтырған балалар мен жігіттерді ОПОН-дар мен полицайлар ауылды айналдыра қуып жүріп, шеттерінен шырылдатып ұстап, резеңке таяқтарымен ұрып-соғып, арнайы машиналарына лақтыра бастады. Тап кіре беріс жолдың қазылмай қалған жерінде бірнеше резеңке балондар лаулап жанып жатыр. Оны өрт сөндіргіштер сумен атқылап лезде өшіріп тастағаны сол еді, алдарында абажадай қуыс күрегіштері бар бірнеше «Каз-700» тракторлары әлгі жерден ауылдың қотанына кіріп кетіп, масқара ойрандарын бастап кетті.
Гүрілдеп келе жатқан №856 К-700 тракторына қарай арыстандай атылған, 25-30 күннен бері аштық жариялап жатқан Махаббат Сәрсенбаева әлсіреп қалғаннан болар, діттегеніне жете алмай, аяқтары шалынысып жерге құлап түсті. Айнала ыр-шу, боқтық сөздермен аралас қарғыстар, жас сәбилердің шырылдап жылағаны құлақ тұндырады. Спецназдың сарбаздары әбден әккіленіп алған екен, тұрғындарды үйлерінен далаға тырқыратып қуып шығады да, полицайлар лезде төрт бұрыш сап құрып, бұзылатын үйді айнала қоршап, қоршаудың ішіне трактордан басқа ешкімді кіргізбей қойды. Жаңағы нөмірі 856-шы трактор күрегімен ең шеттегі үйді сіреңкенің қорабы құрлы көрмей қопарып, төңкеріп тастады.
Сағат 06.40 мин. К-700-ВД №312 тракторы кабинасының ішінде трактористен басқа ақ көйлек киген, қолымен үйлерді нұсқап тұрған қазақ жігіті бар, әп-сәттің арасында үш үйді жермен-жексен етіп, қиратып тастады. Сот үкімін орындаушы Айша деген жас қыз қиратылып жатқан үйлердің арасымен жүгіріп жүріп, қиратылатын үйлерді көрсетіп, жанындағы еркектерге бұйрық беріп қояды. Оны танитын Бақай тұрғындары талақтары тарс жарылып, неше түрлі қарғыстың тығынын ағытты; «Айша! Айша! Қарғыс атсын сені! Жолыңа өмір бақи жуа бітсін! Екі дүниенің қызығын көрмей өткір Тасмағамбетов! Қарына тартпағанның қары сынсын дейді қазақ мұндайда, қарың неге сынбайды, қарың сынып, мына біздей аңырап қалғыр! Бала-шағаңның қызығын көрмей өт! Назарбаевыңмен қоса шаңырағың біздердікіндей күйреп, ажалың адамнан келсін! Әттең, әттең! Былтыр Назарбаев екеуіңе сеніп, дауыс бердік қарғыс атқырлар! Мұндайларыңды білгенде оппозицияға қосылатын едік қой! Уәдең қайда Тасмағамбетов?! Сен емес пе едің, былтыр сайлау алды; «Шаңырақ шайқалмайды, Әйгерім әбігерге түспейді деген, уәдең қайда, уәдең?! Ақ ниеті бар адам, құс екеш құс – қарлығаштың да ұясын бұзбайды. Бұларың не? Біз айдан түскен жоқпыз ғой, шетелден келген оралман да емеспіз, осы Қазақстанның қазағымыз. Көріңде өкіргірлер, сендер емей кім еді ауылдарды құрдымның түбіне жіберген. Енді қайда тентіреп, қалай жанымызды аман сақтаймыз?! Қазаққа басар жер, барар тау қалмағанының ақыры осы ма?! Ій, ій, ій...»
Гость
008
08.04.08
06.45 мин. Кабиналарының ішінде трактористерден басқа, таза ақ көйлек кигендер бұйрық беріп үш-төрт үйді тағы құлатып тастады, баршамызды шулатып. «Белорус» тракторының орыс жүргізушісі сот үкімін орындаушылардың бұйрығынан бас тартты. Сыртта, Майлин көшесінің бойында екі К-700 тракторының трактористері үйлерді қиратудан бас тартып, полицайлардың жұмыстан қуыласыңдар дегендеріне де қарамай, халыққа қарсы қылмыс жасаудан бас тартты. Олардың екеуі де орыс азаматтары. Ал, ауылды сырып жүрген трактористердің екеуі кәдімгі өзіміздің қазақтар болып шыққанына еш таңданбай-ақ қойыңыздар. «Қазақтың жауы – қазақ» деген осындайдан шыққаны-ау негізі.
Шептегі полицайларға бұйрық беріп тұрған жас қазақ подполковнигі орысша; «Лицом на юг!» дегені сол екен, әлгілер бұйрықты бір кісідей орындап, қиратылып жатқан үйге тоң желкелерін беріп, беттерін халыққа қаратты. Мен бір полиция капитанының алдына тұра қалып; «Бауырым, осы бір түбінде, мына халыққа, өз қазағыңа жасап жатқан қылмысың үшін жауап беретініңді неге түсінбейсің? Мына ұры өкімет әйтеуір өрем қауып, тап осы геноцидтері үшін сотталмай қоймайды! Сонда мына сен, біздің бетімізге қалай қарайсың? Жер шары дөңгелек, тірі жүрсек әйтеуір кездесеміз!» Полицейский тыпыршып; «Аға, не істе дейсіз? Біздің де бала-шағамыз бар, бастықтарымызды тыңдамасақ, ертең жұмсақ жерімізден бір-бір теуіп жұмысымыздан қуып шығады. Біз де ет пен сүйектен жаралған пенде емеспіз бе, әрине мына байғұстарға жанымыз ашыр тұр. Қәйт дейсіз?!». «Өй, түрің құрысын, түрің! Атасының аузына лағнет ондай нан тапқаныңның! деп, жерге қатаңырақ бір түкіріп, үйі қиратылайын деп жатқан, тоғыз айлық балаға жүкті 1965 жылғы, 4 баланың анасы Сәлімбаева Майгүл Оразайқызының жанынан бір-ақ шықтым, полицейлердің түйгіштегеніне қарамай. Үйдің ішіне кірсем, Айша деген сот орындаушысы басқа приставтарға саңқылдап бұйрық беріп тұр; «Қане шығарыңдар мыналарды! Қалған үйлерді қиратуға үлгере алмаймыз, бол, тез!» Сырттағы жұрт айтпаса да көрініп тұр екен, әлгі Майгүл деген әйелдің екіқабат екені. Жедел жәрдемнің дәрігерлері білегіндегі қан тамырына инемен дәрі беріп жатыр, қасында төрт жасар көзі көрмейтін, құлағы естімейтін, аяқтары семіп қалған мүгедек баласын қолына көтерген күйеуі Масиков Құрман Мұхаммедұлы бәйек таппай айнала зыр қағып, жүгіріп жүр. Әбден лажы құрып, амалы болмағасын ба екен, құран кітабын тауып алып, сонымен мүгедек баласын қалқалай бастады. Приставтардың «шықта-шық!» дегеніне қарамай, сұрастырсам, балалары: Сағыныш 1998 жылғы, Саят 1999, Ықылас 2001 жылдары туылған. Бір мейірімді адамдар табылып, Құрманның мүгедек баласына итарба (Коляска) әперген екен, оны приставтардың біреуі далаға лақтырып тастады. Құрман екеуміз әлгі соттың орындаушыларына ал кеп жатып жабысып, үйді бұзбауларын өтініп жалынайық. Өйт шіркін-ай деген, сот қызметкерінің денесі түйенің жарты етіндей біреуі темір сүйменмен есіктерді қирата бастағаны аздай, үйдегі шкафтың киім ілгіштерін жұлды кеп жынданған адамдай. Әлгі айы-күні жетіп отырған екіқабат келіншек аузымен ауа қарпып, көгерді де қалды. Шиеттей-шиеттей балалары шырылдап, шыр-пыр болып, аналарының үстіне түсті, қайтсін-ай! Тап осы аянышты көрініске иіп, мейірімдері түсер деген соттың өкілдері қане, бейшара сәбилерге жекіп, желкелерінен түйгіштеп далаға шығара бастады.
Соттың өкілімін деп зыр қағып жүрген, мойнына тағып алған галстугі бар отағасыға; «Әй, бауырым, бала-шағаң бар шығар, тап мына сойқандарыңды ешкім де кешірмейді. Тым болмаса мына айы-күніне жетіп отырған көп балалы ананы, анау мүгедек сәбиді аясаңдар болмай ма?! Мына жер сенің де, тіпті Президенттің де жері емес, бұл жер Алла Тағаланың барша адам баласына тең берген еншісі». Ол жан-жағына жалтақтап қарап алды да, маған сыбырлағандай қылып:
– Сіз де мені түсініңіз. Мына тұрғындарға жаным неге ашымасын, ашыйды. Әрі-беріден соң, мен де ауылдың тұрғынымын. 13-14 жылдай болып қалды осы Алматыға келіп қоныстанғаныма, шекемізден шылқиып жүрген ешқайсымыз жоқ, әйтеуір тіршілік
Гость
009
08.04.08
ету керек болғаннан соң міне мынандай лас жұмысты да атқару керек. Мен болмасам басқасы келеді. Бұйрықтың аты бұйрық, орындау керек болған соң қайтпек керек?
– Мына қызу «науқандарыңыз» бұдан әрі жалғасын табар болса, алдағы уақытта тағы қай елді-мекенді ойрандамақшысыздар?
– Бүгін Бақайды толық күреп тастап, келесі жұмада Шаңырақтың 1200 үйін талқандаймыз, сосынғы кезек Әйгерімдікі...
– Ашық жауаптарыңызға рахмет, бір көргенде біліс, екінші рет таныс демекші, аты-жөніңізді айтып жіберсеңіз – дей бергенімде әлгі кісіні қасында жәй киіммен тұрған еркек жеңінен тартып полициялар тұрған жаққа қарай алып кетті. Осыдан қайтып, ол менен қашқақтайтын болды...
2000 полиция аз болғандай, бұларға тағы 200-дей спецназ келіп қосылды. Тракторлар болса шетінен түсіп алып, баспаналарды шытырлатып, шаңырақтарын орталарына түсіріп қиратып жатыр, қиратып жатыр... Мына масқара сұмдықтарды көзбен көріп, амалсыздықтан іші қазандай қайнап тұрған осы елдің тұрғыны Тазабек:
– Мына мен, осы уақытқа дейін мына халыққа «ешқандай оппозицияға қосылмаңдар» деп келдім, қателескен екенмін, ал енді мына фашистердің қатарына тұрамын – деп, екі аттап, сапта тұрған полицайлардың қатарына тұра қалып еді, оны аналар итеріп, араларынан шығарып жіберді.
06.50 минут. Біршама үйлерді сатырлатып қиратып жатқан тракторлар әлде нені күтіп, тұрып қалды. Төрт баланың анасы Оразымбетова Шынар деген келіншек, қиратылып, төбесі опырайып қалған үйінің үйіндісіне жақындай бергені сол еді, қара киімді ОПОН-ның жендеті оны шынтағымен жүрек тұсынан бір періп, талдырып тастады. Есінен айрылып құлап қалған келіншектің қасына шашын жалбырата жайған аруана келіп, жалп етіп отыра қалып, жер тырмалап жоқтау айта бастады. Қайдан жүгіріп келгендерін, шиеттей-шиеттей екі-үш жас өспірімдер құрақтай ұшып, аналарының басын құшып олар еңіресін. Мына, масқара қанқұйлы қылмыстарына билік қатты дайындалған болуы керек, ауылдың ішінде жедел жәрдемнің дәрігерлері ерсілі-қарсылы қаптап жүрді.
Сағат 07.50 мин. №315 Т ААС К-700-ның қасында тұрған сот притавының аты-жөнін сұрағаным не керек, ол; «Комментарий бере алмаймыз...» деп, төмен қарап кібіжіктейді келіп. Мен шыдамым таусылып:
– Әй, ағатайдың баласы-ау! Атыңды айтпай-қой, атың өшсін, атың өшкір! Сен маған мынаны айт, мына ауылды қиратуды бастағанда айттыңдар емес пе, «29 үйге соттың шешімін әкелдік» деп! 500 түтін басының жартысындайын қираттыңдар, ойрандап. Немене, сендерге ешқандай заң жүрмей ме?! Дереу тоқтатыңдар мына бассыздықтарыңды! Судың да сұрауы бар емес пе, о несі-ей, өңшең оңбағандар! – деп, аузымды жапқанша болған жоқ, екі жағымнан екі еңгезердей жаналғыштар мені анандай тұрған арнайы темір торлы терезелері бар машиналарына қарай дедектете жөнелді. Құдай дес бергенде төс қалтамда «Алтын ғасыр» газетінің меншікті тілшісі деген куәлігім жүруші еді, соны көрсетіп, әлгілердің қолдарынан жұлқынып шықтым. Әй шіркін-ай, қаным қайнап басыма теуіп, көзімнің алдын қара қошқыл қан басып, теңселіп кетсем, айналып кетейін бір жас өспірім бала; «Аға, мына жерге отыра тұрыңыз» деп, бір тас кірпішке қолтығымнан демеулеп отырғызбақшы болып, шыр-пыр етіп асты-үстіме түскені. Мен оны жайлап ысырып:
– Тұра-тұр айналайын, мына жендеттер құрымай мен өлмеймін! Бұл, өз халқын көк қағазға сатқан опасыз биліктің тамағынан шеңгелдеп қылқындыруға менің ғұмырым жетпесе, мына сендер барсыңдар. Түптің-түбінде тартады бұл мұндар сазайларын! Соншама ен байлықты әлі ешқандай диктатор көріне ала кеткен жоқ, ұрпақтарына да сол аста-төк есепсіз арам қазына ажал болып кесапатын тигізеді! Мұны ойлап тапқан мен емес, бұл тарихтың бұлжымас заңы. О заманда бұ заман, жерді сатып не көрінді екен. Жердің киесі атады бұларды әлі! Мына көз алдыңда болып жатқан масқараны есіңе
Гость
010
08.04.08
мықтап сақтағайсың, болашақ сендердікі! – деп ашына айқайлап кетсем керек, қасымызға әжептеуір жамағат жиналып, бастарын шұлғып, менің сөздерімді құптап тұр екен...
Сағат 08.10 мин. Жоғарғы жақта аспан астын гүрілге толтырған тракторлар үйлерді топырлатып қиратып, ойрандарын үдетіп жатхқан кезде төменгі сайдың табанындағы алаңда байлардың балалары у-шу, алаңсыз футбол ойнап жатты...
Сағат 08.15 мин. Бір топ полицайлар қаумалап ұстап, үсті-басы қан-қан бір жас жігітті жедел жәрдем машинасының ішіне мінгізді итермелеп. Жақындап барып сұрастырсам, әлгі тұла бойы қан-қан жігіттің аты-жөні Сәлімбаев Амантай екен. Қиратылып жатқан үйінің ішінде бала-шағалары қалып қоймады ма екен деп, баспанасына жақындай бергенде құтырынып тұрған полицейскийлердің біреуі жерде жатқан жұмыр таспен басынан бір қойып, жарып тастапты. Өзінің айтуынша, екі баласы еш жерде көрінбейді, құлаған үйдің астында жапырылып қалулары мүмкін екен. Әлгі жерде осының бәрін естіп тұрған барша халық болып Амантайдың үйіне тұра жүгірсек, спецназ бен ОПОН, полициялар жолымызды кес-кестеп, қойша үйіріп, анандай жерге сырып тастады. «Ана қиратқан үйлеріңнің үйіндісінің астында екі бала қалып қойыпты, жіберіңдер мына әкесін, барып көрсін» десек те, қайда, қандарын ішіне тартып, безеріп алған. Біздерді тіпті мал құрлы көріп тұрған жоқ. Әй, шіркін қанішерлер-ай, ішті ғой қанымызды, ішті ғой...
Сағат 08.50мин. Майлин көшесін 40 шақты Бақайлықтар басып алып еді, мына жақтан екі арнайы автобустарымен барған спецназдар тым-тырақай қуып, он беске жуық адамды қолдарын қайырып, әйелдерді шаштарынан дырылдатып сүйреп, көліктеріне лақтырып, қамақтарына алып кетті әп-сәтте. Жоқтау айтып зарланып жатқандары бар, өз шаштарын өзі жұлып аңыраған ана, құлындағы дауыстары құраққа шығып шырылдап жылап жатқан жас сәбилер, емшегін көкке сауып, аспанға ұлып, қарғыс жаудырған аруана...
Өте ауыр көрініс. Аянышты. Масқара! Масқарасы сол, полицайлар он жастар шамасындағы жас өспірімдерді ауылдың қотанын айналдыра қуып, резеңке таяқтарымен сабай бастады.
«Е, шыққыр көз, неге шығып кетпейсің мынандай сұмдығыңды көрсеткенше! Ә, шұнақ Құдай! Бар екенің шын болса, неге мына басқыншы жауыздарды тоқтатпайсың, неге жазаларын тартқызбайсың?! Бұл қараң қазақ не көрмеді?! Бұлайша, Назарбаевтың жендеттеріне қорлатқанша, неге алмайсың? Әу, неге үндемейсің?!» деп, зар жылап, тарам-тарам ақ сақалына жас сорғалаған қарияның жанына келіп:
– Апыр-ай, ата-ай! Сай-сүйегімізді сырқыраттыңыз ғой. Әйтеуір, жақындарыңыз шетінегеннен аман ба өзі – десем, ол иектері кемсеңдеп:
– Ауылды құртып тынды бұл мұндар. Аштан қырылып қалатын болғасын, Алматының шаужайына жармасып, басымызға бір-бір баспана тұрғызғанымыз не керек, оны да көп көріп отырса. Енді қайда барып, кімді паналаймыз?! Билікке халық, әсіресе қазақ керек емес екен, төбемізге бомбаларын тастап жіберіп, неге қырып салмайды. Анау жендеттерден қашамыз деп, келінім мен балам екі айлық сәбилерінің бұғанасын сындырып алды. Жедел жәрдеммен алып кетіп еді, еміне бір тиын ақша жоқ. Немеремнің есімі Ернат, атасы Бағысбек, келінім Аділбаева Шынар. Ал, енді, мына қатын-қалаштарға батыр жендеттердің қолынан төрт адам жарақат алды, милары шайқалған дейді. Өз қотанына өзі бөрідей тиіп жатқан мына сорақы биліктен не үміт, не қайыр?! Құдайым кесепатынан сақтасын, жаман айтпай жақсы жоқ демекші, ертең елге жау шапса, мына, қазағын жаудан да жаман талап жатқан биліктің арам байлығын кім қорғап, аты бар да заты жоқ өгей Отаны үшін кім жанын пида етеді дейсің?! Бұл өркендейтін өкіметтің ісі емес, артқа қарай кері кеткен, өшетін өкіметтің тірлігін істеп жатыр өз қара бастарыңа көрінгірлер! Мынау халқына салып жатқан ойраны үшін, қызымды күң, ұлымды құл етпекші болған арам ниеттері үшін, бердім теріс батамды! – деп, көпті көрген көне қария бетін құбылаға қаратып алақанын теріс жайып бата берді иықтары селкілдеп, жылап тұрып.
Гость
011
08.04.08
Сағат 09.07 мин. «Ойбай-ай, әй, қайсың барсың?! Барсаңдаршы ана Венераның үйіне!» деген айқай шығысымен, осы ауылдың бас көтерері Исмағұлова Венераның үйіне қарай жүгірдік жапа-тармағай. АВД 688 А 4СДМ тракторы Венераның шлакоблоктан қаланған үйін олай келіп бір түйіп, ойқастап келіп былай бір итеріп, итшілеп жатыр екен, темірдің аты темір емес пе, ақыры қоймай жүріп қиратты-ау, апыр-ай, ә болғанда. Бұл жантүршігерлік көрініске шыдамады білем, Венераның көршісі, 65 жасар Жанарқұлова Айткүл апа тұрған күйінде, кескен теректей гүрс етіп құлап түсті. Венера үйінің үйіндісіне етпетінен құлап, солқылдап жылағаннан, біразға дейін үйінің төбесінің быт-шыты шығып қираған шифрларын алақандарымен аялап сипап жатты. Оның қасында тұлымшағы жалбыраған қыз бала трактордың астына түсіп жаншылып қалған қуыршағын кеудесіне қос қолдап қысып алып, еңіреп жылап; «Мама, мама деймін, мына қарашы, менің кіп-кішкентай құлыншағымды өлтіріп кеткендерін!» дейді, жерде ес-түссіз сұлап жатқан шешесінің көйлегінен тартқылап.
Шиеттей-шиеттей 4 баласымен тағы бір ана баспанасыз, далада қаңғырып қалды. Мен ешкімнен қысылмастан, қымсынбастан көзімнен ірі-ірі жас тамшылары сорғалап жылап тұрдым. Иә, жылап тұрдым...
– Иә, Алла! Иә, Алла! Ат қарғысыңмен Тасмағамбетовты! Иләһи әмин, апатқа ұшырасын, мына менің баламдай болып мүгедек болып қалсын! Апатыңды бер! Мынандай зауалыңды көрсеткенше, жібер ажалыңды баршамызға! – деп зарланған тағы бір аруана қолын көкке жайып, барша билік біткенді қарғап жатты алай-дүлей алапаттың астында. Полицайлардың қолдарындағы рациядан жоғары жақтан жекірген қаһарлы бұйрықтар қардай борап түсіп жатты...
Аспан асты сатыр-күтір, құлаған үйлердің қабырғалары, ыңылдап сынған тақтайлар, шаңырақтар опырылып ортасына түсіп жатты, қан жылаған халықты қалың шаң басып, Бақай ауылын шапқан жау жақын арада қанға тояттайтын түрі көрінбей, білгендерін істеп бақты. Форма киген қазақтар формасыз қазақтарды басып-жаншып, қорлағаны аздай, резеңке таяқпен ұрғандары аздай, баспаналарын – ұяларын талқандап, шаңырақтарын шайқап ортасына түсіріп жатты. Бала-шаға, қатын-қалаш ұлардай шулап, жауларына қарғыстарын жаудырса, жер тым-тырыс жатты... Жатты, жатты...
500-дей шаңырақтан түске дейін аман қалғаны 62 қаралы үй ғана, қалғанын жаулар тып-типыл, жермен-жексен етіп, «ертесіне қалған үйлердің күлін де қалдырмаймыз» деп тістеніп кетті, тепсініп кетті. Түс кезінде Астанадан депутаттар: Амалбек Тышан, Киселевтер Бақайдағы ойранды өз көздерімен көріп, жағаларын ұстап кәлималарын үйіріп кетті. Амалбектің бар айтқаны; «Айналайын ағайын, біз сөйлеспек түгілі, ана Тасмағамбетовтың кеңсесіне кіре алмаймыз. Назарбаев мына жағдайларыңды біле ме дейсіңдер, әрине біледі. Мен сендерге көшеге шығыңдар, үйтіңдер, бүйтіңдер дей алмаймын, ол өз шешімдерің. Тағы бір айтарым, біздің депутат ретінде тышқанның құқындай да құқығымыз жоқ!»
Ал, ағайын, осы манадан бері Бақайдың қасіретін тәптіштеп жазып отырғаным, әлмисақтан келе жатқан «Жесір дауы, жер дауы деген» сөз бар. Дана сөз. Халықтың қарсылығына қарамай, билік дегендеріне жетіп, жерді сатып та жіберді. Соның салдарынан, жерсіз қалып, зар илеп отырған тағы қазақ! Биліктің егемендік алуымен қатар ауылдар түгелдей дерлік құрып кетті. Президент мырзаға айтарым, Қазақстандағы ауыл қазағының ірі қалалардың маңайына шоғырланғанын қаламасаңыз, қателігіңізді өз қолыңызбен түзетіп, қазақ керек болмаса шет елдерден азаматтық алуға көмектесіп, елдің жағдайын жасаңыз! Әйтпесе, ниетіңіздің ақыры қайыры болмайды...
Сонымен бірге «91 пайызға» деген жұрттың үміті де өшіп, қандай ақымақ болып келгендерін енді-енді түсінгендей болды...
«Өзіңе де сол керек!» дер едім, әттең, өз саусағыңды өзің кесермісің, тек, қазақ болып жаратылғаныма қорланамын. Неткен ез халық едік!
Гость
012
08.04.08
«АЛТЫН ҒАСЫР» мемлекетаралық тәуелсіз газет, 2006 жыл, шілде айы
013
08.04.08
ИХ (КАЗАХОВ) НАДО ЖЕЧЬ КАЛЕНЫМ ЖЕЛЕЗОМ! Имангали Тасмагамбетов
Гость

Добавить комментарий

014

Автор:

Электронная почта:

Copyright 2007 geokz.tv